Ыстамбұлда электросамокаттардың жылдамдығы шектелді

© pixabay.com/icsilviu

Ыстамбұл билігі қаладағы бес ауданда электросамокаттардың жылдамдығын сағатына 12,5 шақырымға дейін шектеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы шаһар әкімдігінің көлік орталығының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаяу жүргіншілер көп болатын бес ауданда электросамокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан 12,5 шақырымға дейін шектелді", - делінген релизде.

Бұл шешім еуропалық бөліктегі Бейоглу, Бешикташ, Фатих және Шишли және азиялық бөлікте Кадыкёй аудандарына қатысты қабылданды.

Реклама
Реклама

2021 жылдан бері қалада электроскутерлерге қатысты бірқатар нұсқау енгізілген - оларды 15 жасқа дейінгілер жалға ала алмайды, ол кезде жылдамдық сағатына 25 шақырымға дейін шектелген еді. Скутермен тротуармен жүруге қатаң тыйым салынған, олар тек веложол және трассамен ғана қозғала алады. Скутерге бір адамнан артық отыра алмайды және оны қоғамдық көлікке кіргізуге болмайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама