Ыстамбұл әуежайында жаппай улану: жүздеген адам ауруханаға түсті

Кеше улану салдарынан кем дегенде 300 адам, негізінен әуежай және түрік ұлттық тасымалдаушысы Turkish Airlines (THY) қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. Сарапшылар туристердің зардап шеккенін не шекпегенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Болжалды себеп - сапасыз, бұзылып кеткен тағам. Зардап шеккендердің көп бөлігі әуежай дәрігерлеріне тамақтанғаннан кейін жүрек айну, әлсіздік және бас айналу шағымдарымен жүгінген. Сонымен бірге, жағдай жаппай және ауыр болды - зардап шеккендер Арнавуткей мемлекеттік ауруханасына жіберілді.

Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Сонымен қатар, сарапшылар жағдай тамақпен байланысты болғандықтан, зардап шеккендердің қатарында туристер де болуы мүмкін деп болжайды. Инфекцияны азаматтар әуежайдың асханасынан жұқтырған болуы ықтимал. Себебі қызметкерлер негізінен сол жерде тамақтанады. Алайда, бүлінген өнімдер осы әуе айлағының кез келген мейрамханасында анықталуы мүмкін.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!