Ява аралында екі пойыз соқтығысты: төрт адам қаза тапты

Antara Foto/Raisan Al Farisi/via Reuters

Индонезияның Батыс Ява провинциясында екі пойыздың соқтығысу салдарынан төрт адам қаза тауып, 42-сі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индонезияның Батыс Ява провинциясында екі пойыздың соқтығысу салдарынан төрт адам қаза тауып, 42-сі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Елдегі көлік министрлігінің өкілінің мәліметінше, апат өткен жұмада жергіліктің уақыт бойынша таңғы 6:03-те болған. Алыс жолға жүретін пойызбен қала маңына қатынайтын пойыз соқтығысқан. Батыс Ява провинциясының полиция өкілі Ибрагим Томпоның айтуынша, екі пойызда 478 жолаушы болған.

MetroTV және Kompas TV жергілікті телеарналарын түсірген видеоматериалдардан пойыздардың бірнеше вагоны рельстен шығып кеткенін байқауға болады.

Реклама
Реклама

Екі пойыздың да алдыңғы вагондары қирап қалған. Ибрагимның айтуынша, қайтыс болған төрт адам пойыз қызметшілері: қала маңына қатынайтын пойыздың машинисі және оның көмекшісі, ал экспресте стюард пен күзетші қайтыс болған. Олар вагондар арасында қысылып қалған. Барлық жолаушылар пойыздардан шығарылып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Айта кетейік, Индонезияда темір жолдардың ескіруіне байланысты, әсіресе өткелдерде пойыз апаттары жиі болады екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная