Ямайкада туристер үшін Джеймс Бонд вилласы ашылды

Монтего-Бей жағажайы, Ямайка. Фото©Shutterstock

Ямайкада туристер үшін жеке жағажайы мен үй қызметкері бар вилла ашылды. Енді бондианның жанкүйерлері жазушы Ян Флеминг өзінің 007 агентін - кейіпкерін ойлап тапқан үйіне демалысқа келе алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ямайкада туристер үшін жеке жағажайы мен үй қызметкері бар вилла ашылды. Енді бондианның жанкүйерлері жазушы Ян Флеминг өзінің 007 агентін - кейіпкерін ойлап тапқан үйіне демалысқа келе алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

007 агентінің құпия үйі Ямайкада, халықаралық әуежайдан он минуттық жерде, ағаштар арасында орналасқан. Тыңшы үшін тамаша орын. Үйдің ішінде үш жатын бөлмеден - негізгі, корольдік кереуеті бар жатын бөлме және екі кереуеті бар жатын бөлмеден тұрады. Сондай-ақ, үлкен кинотеатр, теңізге қарайтын джакузи, ас үй мен қонақ бөлмесі бар. Бір кездері жазушы және Джеймс Бонд туралы 14 романның авторы Ян Флеминг өмір сүрген. Вилла бақшамен қоршалған.

Реклама
Реклама

Фото wingedboots.co.uk

Қонақүйде 10 түннің бағасы 3 125 фунт стерлингтен басталады (шамамен 1 842 750 теңге). Оған үй күтушісінің қызметі кіреді. Қонақтар ең жақын спа салондағы массажға барып, йога немесе су спортымен айналыса алады, жағажайға бара алады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная