"Яги" тайфуны Вьетнамды талқандап өтті: 200-ге жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі VNExpress-ке сілтеме жасап.
"Ягиді" құрлыққа шығарған қатты жаңбыр елдің солтүстігінде су тасқынына әкеп соқты.
Су тасқыны мен көшкіннен 197 адам қаза тауып, 800-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
Бұрын із-түзсіз жоғалған Хо Вонг ауылының тұрғындары таудан табылды. Түнде олар көшкін келе жатыр деп күдіктеніп, тауға қашуға мәжбүр болған. Провинциялық билік оларға азық-түлік жеткізудің жолын іздеп жатыр.
Сейсенбіде су тасқыны Вьетнамның солтүстігіндегі Лаокай провинциясындағы Ланг Ну ауылын түгел шайып кетті. Сәрсенбіде таңертең құтқарушылар аман қалғандарды құрлыққа жеткізді, бірақ 53 ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалған.
Еске салайық, бұған дейін "Яги" супер тайфуны Вьетнамды басып, билікті әуежайларды жауып, тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр еткенін хабарлаған едік.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!