Вьетнамда туристік сүңгуір қайық алғашқы жолаушыларды қабылдады

Көрнекі сурет: pixabay.com

Вьетнамда Triton DeepView 24 сүңгуір қайығы Vinpearl курорттық кешенінде іске қосылды, - деп хабарлайды CNNTravel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вьетнамда Triton DeepView 24 сүңгуір қайығы Vinpearl курорттық кешенінде іске қосылды, - деп хабарлайды CNNTravel.

Кеме 24 адамды қабылдай алады және 100 метр тереңдікке түсе алады. Оның "мөлдір" корпусы борттағы адамдар үшін керемет көрініс береді.

Жарты сағаттық сүңгу кезінде жолаушылар кемелердің қалдықтарын, рифтерді, теңіз флорасы мен фаунасын, сондай-ақ экологиялық мәселелерге арналған сүңгуірлер шоуын көре алады.

Реклама
Реклама

Қайықтың өзі "үнсіз және ластамайтын" кеме ретінде сипатталады.

Оны Vinpearl компаниясы 2017 жылы туристердің "шытырман оқиғалы және әсерге негізделген демалысқа" деген қызығушылығына жауап ретінде тапсырыс беріп жасатқан.

Бастапқыда кеме 2020 жылы қолжетімді болады деп жоспарланған, бірақ пандемияға байланысты пайдалану кейінге қалдырылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная