Вьетнамда коронавирустың ұлыбританиялық штамына ұқсас жаңа түрі анықталды

Вьетнамдағы дәрігерлер сынама алу кезінде ұлыбританиялық коронавирусқа ұқсас вирустың жаңа штамын тапты. Бірнеше күн бұрын елде коронавирустың оңтүстік африкалық нұсқасы да табылды, бірақ ол елге шетелден келгендерден ғана анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"1.1.7-текті вирустың штамы Ұлыбританияда алғаш рет Хайзыонг және Куангнинь провинцияларында вирустың өршуіне байланысты жаппай сынама тапсыру кезінде табылды", - делінген Үкіметтің жаңалықтар порталының хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте белсенді көмек көрсетуге шақырды. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, елде коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің 20 пайызға жуығы дәрігерлердің барлық талаптары мен ұсыныстарын орындаудан бас тартады, ал науқастармен тікелей байланыста болған жүздеген адам инфекцияны тексеру үшін дәрігер көмегіне жүгінбейді.

Пандемия басталғаннан бері Вьетнамда 1650 адам коронавирус жұқтырып, 1460 адам сауығып, 35 адам қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!