Вьетнам вакцина салдырған туристерді қабылдауға дайындалып жатыр

Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдері секілді Вьетнам да коронавирусқа қарсы егілген туристер мен ПТР-тесті теріс туристерді қабылдау процедурасы туралы ойланып жатыр. Егер Үкімет мақұлдаса, онда бұл ереже 2021 жылдың үшінші тоқсанында басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek.ru сайтына сілтеме жасап.

Вьетнам туристік қауымдастығының төрағасы Нгуен Хуу Тхо (Nguyễn huu Th th) айтуынша, ел шілдеден бастап шетелдік саяхатшылардың келуіне дайындалуы керек. Шектеулерге байланысты Вьетнам экономикасы туризмге мамандандырылған компаниялардың 95 пайызын жоғалтты.

Шекарадан өтуді жеңілдетуді қалайтындар вакцинация паспортын тіркеуді жақын арада бастаған дұрыс дейді, өйткені бірқатар елде вакцинацияланған азаматтар көбейіп жатыр.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алған адамдар үшін де 14 күндік карантин қажет деп есептейді. Бірақ туристік бизнес пен туристік ұйымдар мұндай шешімге наразылық білдіруде, өйткені бұл туризмді шектеп отыр.

Сондай-ақ, Вьетнамда Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты аздаған елден вакцинацияланған туристер үшін жасыл дәліздерді ашу мүмкіндігін талқыланып жатыр.