Вьетнам туристерді тарту үшін рейстерді қайта бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Pixabay Фото Pixabay

Туризмді қалпына келтіру және шетелдік саяхатшыларды тарту үшін Вьетнамның курорттық Кханьхоа провинциясы әуеқатынасын қайта бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.


Туризмді қалпына келтіру және шетелдік саяхатшыларды тарту үшін Вьетнамның курорттық Кханьхоа провинциясы әуеқатынасын қайта бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.

Әуекомпаниялар Корея, Сингапур, Малайзия және Өзбекстаннан тікелей рейстер ашты.

Нячанга және Кханьхоа туристік қауымдастығының вице-төрағасы Фам Минь Нхутаның айтуынша, рейстерді қалпына келтіру туризмнің кілті болып саналады.

"Әдемі табиғи ландшафтар мен түрлі тағамның арқасында Кханьхоа туризмі тікелей рейстер болған кезде аймақтың басқа елдерінен туристерді тартады. Сонымен қатар, Малайзиядан, Сингапурдан және көп ұзамай Таиландтан ұшу пункттерімен байланыс Кханьхоаға Оңтүстік-Шығыс Азиядан тыс жерлерде көбірек шетелдік келушілерді тартуға көмектеседі", - дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуеқатынасы 2021 жылдың желтоқсанында қалпына келтірілді. 30 желтоқсанда SCAT әуекомпаниясы Алматы - Фукуок рейсін жүзеге асыра бастады. Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына байланысты чартерлік бағдарламалар тоқтатылып, 19 наурызда олар қайтадан іске қосылды. Вьетнамға чартерлік және маусымдық рейстер орындалады. Жазда олар қолжетімді емес, ал қыста билеттерді тек туристік пакеттің бөлігі ретінде сатып алуға болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel