Венгрияда туристер үшін жаңа ережелер енгізілді

Фото ©Shutterstock

COVID-19 ауруының өсуіне байланысты Венгрия үкіметі 2021 жылдың 20 қарашасынан бастап қоғамдық орындарға бару ережелерін қатаңдатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kzтілшісі Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 ауруының өсуіне байланысты Венгрия үкіметі 2021 жылдың 20 қарашасынан бастап қоғамдық орындарға бару ережелерін қатаңдатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kzтілшісі Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап. 

Енді Венгрияда жабық жерлерде қорғаныс маскаларын кию міндетті болды. Бұл талап жергілікті тұрғындарға да, туристерге де қатысты. Оның сақталуын полиция қадағалайды.

Реклама
Реклама

Масканы қоғамдық көлікте, сондай-ақ мына жерлерге барғанда міндетті түрде тағу керек:

дүкендер, сауда орталықтары, жабық кеңістіктердегі әртүрлі бұқаралық іс-шара, мәдениет мекемелері, кітапханалар, архивтер, жәрмеңкелер, мемлекеттік органдар, пошта бөлімшелері.

Алты жасқа дейінгі балалардан маска кию талап етілмейді.

Туристерден қонақүйде, мейрамханаларға, мұражайларға, театрларға және дүкендерге барған кезде вакциналау туралы сертификаттар сұралмайды, бірақ ол 18 жастан асқан адамдарға шомылу мен Рождестволық жәрмеңкелерге бару үшін қажет болады. Сонымен қатар, бұл талап Будапештің шомылатын аймақтарында қазірдің өзінде енгізілген, ал Хевизде қазір мұндай шарт жоқ.

Айта кетейік, Венгрия Қазақстанның вакциналау паспортын мойындаған еуропалық алғашқы ел болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная