Венецияда шөлді басатын субұрқақтар көбейеді

Италия үкіметі Венецияға келген туристерден қоршаған ортаның ластануын азайтуға көмектесуді сұрады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вreaking Travel news сайтына сілтеме жасап.

Пластикалық бөтелкелер мен басқа да қоқыстар Венецияның әйгілі арналарында, көшелері мен алаңдарында шашылып жатады. Қоршаған ортаның ластануын азайту үшін Италия үкіметі туристерден қоғамдық субұрқақтардан су ішіп, пластикалық бөтелкелерден бас тартуды сұрайды.

Қала билігі бұл сұранысты жыл сайын Венецияға келетін миллиондаған туриске жеткізу үшін маркетингтік науқан бастады.

Реклама
Реклама

Венецияның қалалық билігі қоғамдық субұрқақтардың орналасу картасын шығарды. Олардың көпшілігі тарихи орталықта – Сан-Марко алаңында орналасқан. Сондықтан турист қай жерде болмасын, шөл басу үшін бірнеше қадам жасау жеткілікті. 126 субұрқақ бар және олардың бәрі қауіпсіз.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!