Варшаваға барған қазақстандық қыз туған қаласымен салыстырды

© pixabay.com

Алматылық 18 жастағы Виолетта Замосски Польшаға оқуға келген. Ол Tengritravel.kz тілшісіне Варшава мен Алматының ортақ тұстарын және еуропалық осы елге келер алдында не білу керектігін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 18 жастағы Виолетта Замосски Польшаға оқуға келген. Ол Tengritravel.kz тілшісіне Варшава мен Алматының ортақ тұстарын және еуропалық осы елге келер алдында не білу керектігін айтты.

Польшадағы өмір

Виолетта Варшавадағы университетке түсуды армандайды және сол себепті қыркүйекте Лазар Университетіндегі бір жылдық тілдік курсқа келген. Польшада оқуға түсу үшін дайындық жылын zerówka (нөлдік жыл) деп атайды және бұл ортаға сіңісу үшін, қоғам жайлы жақсы танысуға жақсы мүмкіндік. Бұл өте маңызды, өйткені Виолетта журналистика факультетіне түскісі келеді.

Реклама
Реклама

Оқу

Виолеттаның бірінші айтқаны - студент пен оқытушының қарым-қатынасы. Оларда біздің елдегідей қатал иерархия (ұстаздың студенттен әрдайым бір саты жоғары тұруы) жоқ:

"Мұнда оқу жайлы айтар болсақ, Қазақстанға қарағанда оқытушы мен студенттің арасында жақсы атмосфера қалыптасқан. Достық қарым-қатынас, еркін әрі демократиялық байланыс", - дейді ол.

Виолеттаның айтуынша, жоғарғы білім жақсы деңгейде берілсе де, әр университеттің айырмашылығы көп екен, тіпті баға қою жүйесі де бөлек:

"Университеттердің деңгейі өте жоғары. Әрқайсысының баға қою жүйесі бөлек және өз ережелері бар. Барлығы сіздің қай тілде білім алуыңызға байланысты - польшалық немесе ағылшын".

Қыз бала Қазақстаннан барған студенттермен танысқан, олар Польшада білім алуын тәмамдап жатыр екен және қазақстандық ЖОО-ларға қарағанда онда экзамен көп екен.

"Егер бізде экзамен тек сессия кезінде болса, мұнда сессия алдында да болады. "Коллоквиум" деп аталатын мини-экзамендер негізгі сессия алдында жүреді", - дейді Виолетта.

Асхана

Виолетта негізгі польшалық ұлттық тағамдарды атады. Оны үйде де кафеде де әзірлейді.

"Польшалық ең танымал тағам - бұл бигос: бұқтырылған орамжапырақ пен ет. Польшалық борщ. Сондай-ақ бәліштер - оны вареники деп атайды, оны кез келген жерден алуға болады, түрлі қоспалармен сатылады", - дейді Виолетта.

Қала

Қыздың айтуынша, Варшава серуендеуге арналған ыңғайлы қала. "Адамдар үшін жоспарланған" қала екені сезіледі. Сондай-ақ біздің Алматымен ортақ тұстары да кездеседі.

"Маған Варшаваның атмосферасы ұнайды - Алматы секілді "лайтта". Мұнда "мегаполис" сөзі беретін ығы-жығы деген ұғым жоқ. Негізінде Варшава мегополис болып саналады. Алайда атмосферасы тамаша. Өмір сүргің келетін қала", - деп бөлісті әсерімен Виолетта.

Виолетта көлік жүйесінің ұйымдастырылуына таңғалған.

"Көлік қатынасы қатты таңғалдырды. Алматымен салыстырғанда (әрдайым кептеліс) мұндай трамвайлар кесте бойынша жүреді. Және оның жолы сәл биікте орналасқан, сол арқылы басқа көліктер оған шығып кете алмайды. Адамдар үшін бұл өте ыңғайлы: асқан жылдамдықпен метромен ғана емес, трамваймен де жетуге болады. Қаланы жеңілдететін де осы шығар. Мұндай жүйе Алматы кептелісі мәселесін шешетін еді", - дейді ол.

Ресми дерек бойынша қалада 2,5 миллион адам тұрады, қазіргі уақытта мигранттар көп, сол себепті халық саны 5 миллионға таяп қалған. Соның өзі қатты сезілмейді екен.

Адамдар мен қауіпсіздік

Виолетта жергілікті тұрғындардың өте мейірбан, көмектесуге, сұрақ қойсаң жауап беруге асығатынын айтты. Варшава көшелерінде мигранттар көп, оларға деген қарым-қатынас жақсы.

"Польшалықтар туралы мынадай стереотип бар, олар дәстүрді берік ұстайды, дінді қатты ұстанады және өз мәдениетіне берілген. Алайда бмен олардан басқа елден келушілерге деген теріс қылықтарын еш көрмедім", - дейді Виолетта.

Виолетта елдің қауіпсіз екенін, алайда кей аудандарда кешкі уақытта серуендеуге болмайтынын айтты.

"Түнгі уақытта аяқ баспау керек бір екі аудан бар. Бұл Варшаваның дәл ортасы, Centrum метро станциясы, жанында Warszawa Centralna вокзалы бар. Теміржол вокзалының болуынан, онда түрлі персонаждар жүретінін айта кету керек.

Тағы Praga Pułudnia - бұл да беделі керемет емес аудандардың бірі, түнгі уақытта аяқ баспаған жөн", - деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная