Вакцинациядан кейін қандай жанама әсер болуы мүмкін? Ресейдің бас терапеві жауап берді

Фото: elements.envato.com

Коронавирустан вакцина салдырғаннан кейін алғашқы күндері тұмауға ұқсас белгілерге назар аудару керек. Бұл туралы "Первый канал" эфирінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапеві, терапия және профилактикалық медицина Ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Оксана Драпкина айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустан вакцина салдырғаннан кейін алғашқы күндері тұмауға ұқсас белгілерге назар аудару керек. Бұл туралы "Первый канал" эфирінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапеві, терапия және профилактикалық медицина Ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Оксана Драпкина айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Оның айтуынша, әдетте жанама әсерлер вакцина ағзаға енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде сақталады, сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ.

Реклама
Реклама

"Күдіктенудің қажеті жоқ, одан да мынаны бақылау керек. Тұмауға ұқсас белгілер мен өзіңді тұмауратқандай сезінуің мүмкін. Әлсіздік, аздап ауырсыну, ұйқы қысу, ұйқышылдық, дене қызуы қысқа уақытқа көтерілуі мүмкін. Ол аздап қалтырау болады", - деді Драпкина.

Денсаулық сақтау министрлігінің бас терапеві вакцинациядан кейін адамның қызуы 39 градустан жоғары көтерілетін жағдай өте сирек кездесетінін айтты.

"Көбіне 38-ге дейін, ал 38-ден жоғары немесе сәл төмен болып, өзіңді нашар сезінсең парацетамол ішуге кеңес береміз", - деп түсіндірді ол.
 
Драпкина мұндай жағдайларда көмекке "ешқайда жүгірудің қажеті жоқ" екенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная