Вакцина салдырған қазақстандықтар Қырғызстанға кірерде ПТР-тестен босатылды

Фото ©Shutterstock

Вакцина салдырған қазақстандық туристер Қырғызстанға кірген кезде ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуден босатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вакцина салдырған қазақстандық туристер Қырғызстанға кірген кезде ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуден босатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы 8 маусымда Қырғыз Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарының бірлескен бұйрығына сәйкес, коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Осылайша, вакцина салдырған туристер Қырғызстанға 19 маусымнан бастап әуе қатынасы және 11 маусымнан бастап құрлықтағы шекара арқылы ПТР-тест туралы анықтаманы ұсынбай-ақ келе алады. Бұл - Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына, сондай-ақ Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қабылданған шара.

Ата-аналар бес жастан асқан балаларын да жоғарыда көрсетілген медициналық құжаттармен қамтамасыз етуі керек.

Реклама
Реклама

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная