Ұшуға дайындалған әуе кемесі бағанға соғылды

АҚШ әуежайында ұшақ ұшу кезінде бағанға соқтығысып қалды. Оқиғаның видеосын FoxNews жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға өткен айда болған. Видеодан America Airlines ұшағы Даллас халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағынан ұшу үшін қозғалғанын көруге болады. Ұшақ бұрылып жатқанда бағанға соғылады.

Әуе кемесі Багам аралдарына ұшу керек болған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, соқтығысқан кезде жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Лайнердің зақымдалуына байланысты рейс басқа ұшақпен ауыстырылды.

"Біз қандай жағдай болмасын клиенттеріміздің сапар жоспарын бұзғымыз келмейді. Қолайсыздық тудырған мәселелерге өкінеміз", - деді әуекомпания өкілі.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!