SpiceJet әуекомпаниясының екі ұшқышына қатысты тәртіптік шара қолданылды. Оған себеп Желіде жарияланға сурет болды. Онда ұшқыштар кофе құйылған стақанды ұшақты әуеге көтеру иінтірегіне қойғаны байқалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі India Times басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 8 наурызда Делиден Гувахати қаласына ұшқан лайнердің бортында болған. Желіде ұшқыштар кабинасында түсірілген сурет тарап, соның салдарынан дау шыққан. Ер адамдар кофе құйылған стақанды ұшақты әуеге көтеру иінтірегіне қойып, Холи мерекесінде дайындалатын дәстүрлі тәтті қуырылған кондитерлік өнім - гуджияс жеген.
Үндістанның азаматтық авиация Бас басқармасы жауапсыз экипаж мүшелерін дереу анықтап, оларға қарсы шаралар қабылдауды талап етті.
"Келесі күні SpiceJet әуекомпаниясы кінәлілерді тауып, оларды рейстерден алып тастады. Тергеу аяқталғаннан кейін ұшқыштарға қатысты тәртіптік шаралар қолданылады", - деді SpiceJet өкілі.
Әуекомпанияның тәжірибелі ұшқыштары да әріптестерінің әрекетіне алаңдаушылық білдірді.
"Кофе стақаны орталық консольдің ортасында ұшақтың жанармай тұтқаларына қойылды. Егер кофе төгілсе, бұл ең жақсы жағдайда қысқа тұйықталуға және жалған өрт сигналына әкелуі мүмкін. Экипаж өрт сөндіргіштерді түсіріп, төтенше жағдай жариялауы керек. Бақылау тақтасына сұйық заттың төгілуі - нағыз былық. Олар қысқа тұйықталуды және лайнерді бақылауды жоғалтуды немесе диспетчермен байланысты қиындатуы мүмкін", - деді олар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!