Көрнекі сурет ©Shutterstock

Ұшқыштар мен бортсеріктер жаппай омикрон жұқтырып жатыр: мыңдаған рейс тоқтатылды


Өткен аптаның соңында бүкіл әлем бойынша әуекомпаниялардың қызметкерлері арасында коронавирустың омикрон штамы тез таралуына байланысты кем дегенде 7 мың рейс тоқтатылды. Бұл ішкі және сыртқы рейстерді шектеді, ал саяхатшылар мереке күндері қиын жағдайға тап болды. Бұл туралы америкалық БАҚ әуе кемелерінің қозғалысын бақылайтын FlightAware компаниясына сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды  Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жұмадан бастап кем дегенде 7 мың рейс тоқтатылды. Америкалық және қытайлық әуекомпаниялар көп зардап шекті. Ұшқыштар мен бортсеріктер жолаушылардан коронавирус жұқтырып, карантинде оқшаулануға мәжбүр болған. Содан қызметкерлер тапшы болып қалған және мереке алдында жолаушылар көбейген.

27 желтоқсанда таңертең тағы 1,8 мың рейс тоқтатылды және уақыт өте келе артты. АҚШ-та Delta, United және Jet Blue компаниялары рейстерді тоқтатудың "көшбасшылары" болды. Қытайда China Eastern Airlines әуекомпаниясы жексенбіде 390 рейстің алынып тасталғаны туралы хабарлады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды