Ұшқыш қателігі. Жолаушылары бар екі ұшақ әуежайда соғыла жаздаған

Америкалық ұшқыштың қателігінен екі ұшақ бір - біріне соғыла жаздады, деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы DailyMail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Бостон әуежайында болған екен. 27 ақпан кешкі сағат жетіде Learjet 60 лайнері рұқсатсыз әуеге көтерілген. Осы кезде ұшақ ұшып-қону жолағын кесіп өтіп бара жатқан JetBlue лайнеріне соғыла жаздаған.

Алдын ала сараптама лайнерлердің бір-бірінен 100 метр қашықта ғана болғанын көрсетті.

"Learjet 60 лайнері ұшуға дайындалып тұрған, алайда ұшқыш диспетчерлердің нұсқасын орындамай әуеге уақытынан бұрын көтерілген. Ал осы уақытта қонып жатқан JetBlue әуе кемесі нұсқауларды орындап, уақытында бұрылып үлгенрді", - делінген хабарламада.

Finprom мәліметінше, 1941 жылдан бері Қазақстанда 89 ұшақ апаты болған - бұл Қырғызстанмен салығыстырғанда 4 есе көп және Ресеймен салыстырғанда 16 есе аз.