Ұшқыш кабинасын бұзғысы келген жолаушы үрмелі трап арқылы қашып кетті

АҚШ-та жолаушы лайнердегі ұшқыш кабинасын бұзуға тырысқан. Кейін ол апат жағдайына арналған үрмелі трап арқылы қашып кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға 25 маусымда Лос-Анджелес әуежайында болған. United Express ұшағы кешкі сағат жетіде ұшу-қону жолағында тұрған. Лайнер Солт-Лейк-Ситиге ұшуға дайындалды. Сол сәтте жолаушылардың бірі кенеттен орнынан тұрып, ұшқыштардың кабинасын бұзуға тырысқан - ер адам ішке кіргісі келген.

Ойы іске аспаған соң жолаушы үрмелі трапты ашып, ұшақтан ұшу-қону жолағына секірді. Осы уақытқа дейін ұшқыштар әуедиспетчерлік қызметке бұзақы туралы хабарлап үлгерді. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері ер адамды бірден ұстады. Ол ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық көмек көрсетілді. Рейс үш сағатқа кешігіп ұшты.

Жолаушы неліктен мұндай әрекет жасағаны және қамауға алынып-алынбағаны белгісіз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!