Ұшқыш ұшу траекториясын қолдана отырып, қайырымдылық жобасы аясында ІІ Елизавета патшайымның әлемдегі ең үлкен портретін жасады. Бұл туралы Daily Mail жазады.
6 қазан, бейсенбіде Амаль Лархлид (Amal Larhlid) Ұлыбританияның аспанында екі сағат бойы Piper PA-28 ұшағымен ұшып, ұлыбританиялық хосписке ақша жинау үшін марқұм патшайымның тәждік профилін салды. Ұшуды FlightRadar қызметінен қарауға болады: әуе кемесі биіктігі 65 миль және ені 39 миль (105 және 63 шақырым) портрет салу арқылы 256 миль (412 шақырым) қашықтықта ұшты.
ІІ Елизаветаның профилі Оксфордтың үстінде орналасқан. Оның тәжі Милтон Кинстен Уорикширге дейін созылады, ал тиараның ортасындағы асыл тас Нортхэмптонның дәл үстінде орналасқан. Лархлидтің ұшуы оған мың фунт стерлингтен асае қайырымдылыққа қаржы жинауға мүмкіндік берді.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!