Ұшақтың екі ұшқышы бір уақытта рейс кезінде ұйықтап қалды

Көрнекі сурет: pixabay.com

Италиялық ITA Airways әуекомпаниясы ұшқышты жұмыс орнындағы орынсыз мінез-құлқына байланысты жұмыстан шығарды. Қызметкер жұмыс орнында ұйықтағанын жасыруға тырысқанмен, өтірігі әшкере болды. Бұл туралы La Repubblica жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италиялық ITA Airways әуекомпаниясы ұшқышты жұмыс орнындағы орынсыз мінез-құлқына байланысты жұмыстан шығарды. Қызметкер жұмыс орнында ұйықтағанын жасыруға тырысқанмен, өтірігі әшкере болды. Бұл туралы La Repubblica жазады.

Оқиға 30 сәуірде Нью-Йорк - Рим рейсі кезінде болған. Әуекомпанияның зерттеуіне сәйкес, ұшақ Францияның әуе кеңістігінде ұшып бара жатқанда, капитан мен ұшқыш бір уақытта қысқа уақыт ұйықтап алады. Шамамен, он минут ішінде француз диспетчерлері лайнермен байланыса алмайды. Әуе қызметі террористік дабыл жариялады.

Италия билігі мен әуекомпанияға ықтимал қауіп туралы ескертілгеннен кейін, ұшқыштар спутниктік телефондар арқылы байланыса алды. Олардың айтуынша, жүйедегі ақауларға байланысты диспетчерлерге жауап бере алмады. Ұшақ Рим әуежайына қауіпсіз қонды, бірақ ITA Airways ішкі тексеру жүргізді.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында лайнердің байланыс жүйелерінің бұзылуы анықталған жоқ. Бұл әуекемесінің капитанын кәсіби емес әрекеті үшін жұмыстан шығаруға негіз болды. Белгілі бір хаттамаға сәйкес, демалу құқығы тек екінші ұшқышта болған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная