Ұшақтың екі жолаушысы рейсті "тозаққа" айналдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kn.ks.ua Фото: kn.ks.ua

Ұлыбританияның екі азаматы Ливерпульден Тенерифе курортына бара жатқан туристердің әбден ығырын шығарды, - деп хабарлайды The Olive Press.


Ұлыбританияның екі азаматы Ливерпульден Тенерифе курортына бара жатқан туристердің әбден ығырын шығарды, - деп хабарлайды The Olive Press.

Басылым мәліметінше, 6 шілдеде болған рейсті Easyjet әуекомпаниясы орындаған. Екі саяхатшы дьюти-фриде алкольдік ішімдік сатып алып, стюардессалардың ескертуіне қарамастан бортта ішкен. 

Олардың мас болғаны соншалық, жанында отырғандарға маза бермеген. Куәгерлердің бірі бұл жағдайды "тозақта ұшу" деп айтқан. 

Бұзақылар ұшақтың әжетханасында темекі шеккен, сосын бортсеріктер оның есігін жауып, қолдануға рұқсат бермеген. Осыған байланысты бір жолаушы әжетханаға кіре алмай, өз орнына қайта барып, сонда дәрет сындырған. 

Әуе кемесінің командирі осы жағдайға байланысты Лиссабон қаласына жедел қонуға мәжбүр болған. 

Тәртіп бұзғандарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұшақтан шығарған. Осыдан кейін ұшқыш рейсті Испанияға жалғастырған. 

TengriTravel