Италияда әуеде ұшақтың алдынғы бөлігіне бір топ құс соқтығысқан. Құстардың қаны, іш-құрылыстары, қауырысындары терезені толықтай жауып қалғанына қарамастан, ұшқыш ұшақты аман-есен қондырды. Оқиға туралы мәліметтер, сондай-ақ суреттер мен видеолар Lad Bible сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
24 қарашада Лондон-Болонья бағыты бойынша келе жатқан Ryanair ұшағы қонуға жақындаған кезде құстармен соқтығысты. Суреттерде лайнердің алдыңғы әйнегіне құстардың денесі шашылып, қаншалық шашырағанын көруге болады. Сонымен қатар, тағы бірнеше құс әуе кемесінің турбиналарына сорылды.
Сондай-ақ, желіде жарияланған кадрларда қонуға дайындалған және биіктігін төмендеткен ұшақтың сол жақ турбинасы жанып тұрғанын көруге болады. Апатқа қарамастан, лайнер қауіпсіз жерге қонды, ешкім зардап шеккен жоқ.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!