Ұшақ апатты жағдайда қонып, қоршауға соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aviation24.be басылымына сілтеме жасап.
Halla Airlines әуекомпаниясына тиесілі Embraer EMB-120 Brasilia жолаушылар ұшағының қонған сәтін әуежайдың бейнебақылау камералары түсіріп алған. Әуекемесі Сомалиде Гароуэ мен Могадишо қалалары арасындағы ішкі рейсті орындаған.
Қону кезінде борт ұшу-қону алаңынан шығып кетіп, топырақты жерге өтіп кеткен. Сосын Embraer қатты жылдамдықпен қоршауға соқтығысты. Соның салдарынан оның бір қанаты бөлініп қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Video of aircraft type E120, operated by HALLA AIRLINE, crash landing on Runway 05 at Aden Ade International Airport (AAIA) today, at 12:23pm local time.
All 34 crew and passengers on board have survived according to the Somali Civil Aviation Authority . One person suffered… pic.twitter.com/tMrX7mcxsY
Бортта отырған 34 адамның көпшілігі жеңіл жарақат алды, тек біреуі ауруханаға жатқызылды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!