Ұшақтан табылған жылан жолаушылардың үрейін ұшырды

Желіде таралған видеода AirAsia әуекомпаниясының Airbus A320 ұшағындағы оқыс оқиға бейнеленген. Онда жыланды байқап қалған жолаушылардың дүрбелеңін көруге болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

Жыланның астында отырған жолаушылар орындарынан ұшып тұрып, шетке қарай қашты. Борттағы жағдай "Ұшақтағы жыландар" фильміндегідей болды. Дегенмен экипаж мүшелерінің ең батылы жыланға жақындап, пластик бөтелкенің көмегімен оны қауіпсіз жерге көшірді.

@wannabnailssalon #งูบินได้ #เจองูบนเครื่่อง ♬ เสียงต้นฉบับ - ค็อปเปอร์ เอกรินทร์
Реклама
Реклама

"Жыланды көргенде жаным көзіме көрінді. Төбемдегі жыланды айтпай-ақ, жалпы өмірімде бауырымен жорғалаушыларды ұнатпағам", "Жыланды алып тастағанда, арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Жолсерік қыз өте сабырлы, өз ісінің маманы екен. Дегенмен ұшып жеткенше, борттан бірдеңе шыға келе ме деп қорқып отырдым", Мен осыған ұқсас фильм көргенмін, дегенмен шынайы өмірде өз басымнан осындай жағдай өтеді деп ойламадым. Жағажайға сапарымның басы қатты болды", - деді жолаушылар.

@wannabnailssalon #งูบินได้ #งูบนเครื่องบิน ♬ เสียงต้นฉบับ - WannaBNails&Salon

Пхукет халықаралық әуежайының қызметкерлері борттың ішіне кіріп, жолаушылардың жүктерін тексеріп шықты. Олар жолаушылардың басқа жыландарды немесе жануарларды бірге алып кірмегеніне көз жеткізбек болды.

Кейін жолаушылардың үрейін ұшырған Блэнфорд жыланы екені белгілі болды. Ол адамдарға зиянын тигізбейтін азиялық типтес алып жыландардың бірі саналады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!