Видеодан скрин. Тourprom.ru Видеодан скрин. Тourprom.ru

Ұшақта ұйықтауға ыңғайлы жаңа әдіс айтылды


TikTok желісінде танымал блогер Кристен ұшақта ұйықтаудың жаңа әдісін ұсынды. Оның әдісі оқырмандарына ұнады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.

"Мен саяхат үшін бес түрлі мойын жастықшаларын сатып алдым. Біреуі де ұнамады. Жастықшалардың мойын байламы сияқты мойнымды жақсы ұстап тұрғанын қаладым. Содан кейін неге мойын таңғышын сатып алмасқа деген ой келді", - деді блогер.

Сонымен қатар, ол ұзақ рейстер кезінде басқаларға қалай болып көрінетініне "мән бермейтінін" айтты. Бірақ егер біреу үшін маңызды болса, онда "қара таңғыш сатып алып, мойынорамалмен жабыңыз, ешкім ештеңе түсінбейді" деп қосты ол.

"Сіз ұйықтап жатқанда, мойныңыз ешқайда "кетпейді", - деді Кристен.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды