Дубайдан Манчестерге аттанған әуерейсінде келеңсіз оқиға болды. 29 жастағы Мохаммед Разақ стюардессаға тиісіп, тағы бір бортсерікке қоқан-лоқы көрсеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Daily Mail мәліметінше, сәтсіз үйлену тойынан кейін ер адам қайғысын басу үшін ішімдіктен өш алған.
"Оқиға кезінде ер адам Пәкістанда өткен үйлену тойынан үйіне қайтып келе жатқан. Сотта Разақ рейске отырмас бұрын ішімдікті көп ішіп қойғанын айтқан. Бұзақының айтуынша, оның отбасы отау құруын және қалыңдық таңдаудағы шешіміне қарсы болғаннан кейін ол қайғысын осылайша баспақ болған", - деп жазады басылым.
Бортсеріктердің айтуынша, Разақ ұшақта да ішімдік ішуді доғармаған. Ер адамның әрекеті өзгере бастағанда, оған алкоголь беруді тоқтату туралы шешім қабылданған. Осыған ашуланған жолаушы көршілерінен алкоголь сұрай бастаған, алайда олар да "көмектескісі" келмеген.
PYOK мәліметінше, ер адам ашуға булығып, ұшақ қызметкерлерімен жанжалдасқан.
"Разақ стюардессаға тиіскен: қыз бала едендегі қоқысты алу үшін еңкейгенде ер адам оны шымшыған. Сосын ол бортсерік-жігітпен төбелесетінін айтып, бас менеджердің "мұрнын, құлағын тістеп, өртеп жіберетінін айтқан". Бір кезде Разақ тіпті сес көрсетуден агресив іске көшкен. Ол айналасын қиратып, аяғында мастықтан есінен танып қалған. Рейс жоспар бойынша іске асқан, қаскөйді полиция қамауға алған. Emirates әуекомпаниясының мәліметінше, Разақтың бүлдірген заттары 200 фунт стерлингке (112 295 теңге) бағаланған", - деп жазды БАҚ.
Осы әрекеті үшін Разақ 18 айға қамауға алынды: оған ұшақта мас күйде жүргені, төбелескені, сексуалды зорлық-зомбылық және бөтеннің затына залал келтіргені үшін айып тағылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!