Ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі екі есе артты

Фото©Shutterstock

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) медициналық сарапшысы Дэвид Пауэлл ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі жаңа омикрон штамына байланысты екі-үш есе артқанын айтты. Бұл туралы Bloomberg жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) медициналық сарапшысы Дэвид Пауэлл ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі жаңа омикрон штамына байланысты екі-үш есе артқанын айтты. Бұл туралы Bloomberg жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі

Маманның айтуынша, соңғы апталарда COVID-19-дың жаңа штамы бүкіл әлемге тез таралды, ал жаңа жылға дейін ұшақ жолаушыларының саны едәуір артып келеді.

Реклама
Реклама

"Дельта жағдайында қандай қауіп болмасын, біз омикрон қаупі екі-үш есе жоғары болады деп болжауға тура келеді", - деді Пауэлл және эконом-класта жұқтыру ықтималдығы бизнес-класқа қарағанда әлдеқайда жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы антиковид шектеулерді сақтаудың маңызын: бетперде кию, басқа жолаушылармен бетпе-бет байланысқа түспеу және әуе кемесінің салонына қол тигізбеуге тырысу керегін еске салды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная