Ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі бағаланды

© pixabay.com

Ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен, - деп хабарлады Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жетекшісі Александр де Жуньяк. Оның айтуынша, ұшақта вирусты жұқтыру қаупі найзағай түскенмен бірдей ықтималдыққа жатады екен,- деп жазады Sky News.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен, - деп хабарлады Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жетекшісі Александр де Жуньяк. Оның айтуынша, ұшақта вирусты жұқтыру қаупі найзағай түскенмен бірдей ықтималдыққа жатады екен,- деп жазады Sky News.

АҚШ қорғаныс министрлігінің зерттеуі көрсеткендей, жолаушы әуе кемесінде маска таққан кезде, адамның тыныс алу аумағындағы ауа бөлшектерінің орташа есеппен - 0,003 пайызы ғана жұқпалы. Бұл ұшу кезінде адамдардың жүріс-тұрысымен және сөйлемейтіндігімен байланысты болады. Сонымен қатар, заманауи ұшақтар зиян бөлшектерді заларсыздандырып тұратын арнайы фильтрлермен жабдықталған.

Реклама
Реклама

Зерттеушілердің айтуынша, коронавирусты ұшақта жұқтыру үшін жолаушы 54 сағат бойы ұшуы керек екен. United Airlines компаниясы Boeing 777 және 767 ұшақтарына зерттеу жүргізген. Әуе кемесіндегі ауа айналымы, желдету және фильтр жүйелерінің жылдамдығы арқасында зиян бөлшектердің шамамен 99,99 пайызы алты минут ішінде кабинадан шығарылғаны анықталған.

Бұған дейін америкалық стюардесса Кэт Камалани коронавирус пандемиясы кезінде бактерия жұқтыру қаупі бар борттағы ең қауіпті орындарды атаған. Сонымен, бірінші кезекте, жолсеріктің айтуынша, жолаушылар отыратын жерде айналадағы заттармен көп байланыста болудан аулақ болу керек, мысалы, алдыңғы орындардағы қалталарды қайта-қайта ұстаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, әуекомпания қызметкері саяхатшылар жиналмалы үстелдерге қол тигізгенде де абай болуы керек дейді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная