Ұшақта жолаушының бортсерікке шабуыл жасағаны видеоға түсірілді

Жолаушы Вашингтон - Лос-Анджелес ұшағының бортында төбелесіп, рейстен шығарылды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Delta әуе кемесінің жолаушысы ұшу кезінде бортсерікке шабуыл жасады және әуе маршалымен төбелесіп қала жаздады. Оқиғаға байланысты рейс басқа қалаға жіберілді. 

Реклама
Реклама

Жанжалдың себебі айтылмады. Осыдан кейін ер адам тынышталмады және бортта болған әуе маршалына қатысты агрессив әрекет жасай бастады. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсірді.

Кадрларға қарағанда шу шығарған жолаушыны күштеп отырғызылды. Қолы кісенделгеннен кейін қатты айғайлады. Салдарынан ұшақ Оклахома-Ситиге жіберілді. Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды рейстен шығарды. Содан кейін лайнер Лос-Анджелеске ұшты.

Combative passenger on @Delta flight assaults flight attendant and Air Marshal, according to OKC police. Flight #342 from Washington D.C. to Los Angeles was diverted to Oklahoma City where police arrested the passenger. Story: https://t.co/3u0zKJrOQs pic.twitter.com/RHnZX60z3M

— Eric Resendiz (@abc7eric) December 10, 2021

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!