видеодан үзінді видеодан үзінді

Ұшақта жолаушылардың мазасын алған ер адам полицияға жеткізілді


American Airlines әуекомпаниясының ұшағында мас күйде болған жолаушы тәртіп бұзып, полицияға жеткізілді. Daily Mail басылымы осы оқиғаның видеосын жариялады.

Лос-Анджелес - Солт-Лейк-Сити рейсінің жолаушысы өзімен бірге бір ұшақта болған ер адамның әрекетін видеоға түсірген. Онда ішімдікке сылқия тойған 61 жастағы Тимоти Армстронг экипаж мүшелеріне былапыт сөздер айтып, ортаңғы саусағын көрсеткен. Кейінірек ер адам "құдай, Американы сақта" деп айғайлаған. 

Бортсеріктердің оған тыныш отырып, өз орнына жайғасуын талап етілгеніне қарамастан, ер адам тәртіпсіз қылықтарын үдеткен. Видеодан оның ақырып, бетпердені жұлмалап жатқанын көруге болады. Видео түсірілгенге дейін ол басқа жолаушыларға нәсілшілдік және жыныстық бөлінушілікке қатысты сөздер айтқан. 

Ұшақ қонғаннан кейін бортқа полиция өкілдері кіріп, бұзақыны ұстаған. Ер адамның қанында қанша мөлшерде алкогольдік сусын барын анықтау үшін медициналық мекемеге жеткізілген. 

@funnydenny

God bless flight attendants and pilots for what they have to deal with. #kevin #americanairlines #lax #slc #meltdown #flightattendant #labourday

♬ original sound - FunnyDenny




Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды