Ұшу кезінде жүкті жасөспірім-жолаушыны толғақ қысып, сәл болмағанда шақалағынан айырылып қала жаздаған , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 17 жастағы Эбигейл Аморетти жүктіліктің жетінші айында тәтесімен бірген Никарагуадан АҚШ-қа Avianca El Salvador рейсімен ұшқан. Әжетханаға барғанда, ол толғақ басталғанын аңғарған. Ұшақ бортында отырған дәрігер мен тағы екі медицина саласының маманы оған көмекке келді.
Жолаушы қызды әжетханаға баратын жолдағы дәлізге жатқызған. Дәрігерлер оны қарап шығып, баланың аяғымен шыққалы жатқанын аңғарған. Мұндай кезде нәрестенің түншығып қалу қауіпі бар. Босандырып жатқан әйелдердің бірі баланы суырып алған, алайда шақалақтың денесі көгеріп, демалысы қиын болған. Дәрігерлер оған жасанды дем беріп, баланы аман алып қалған.
@roxymairenasolis ♬ sonido original - Roxy Mairena Solis
Ұшқыштар дереу ұшақты Мексикаға қондыру шешімін қабылдап, анасы мен баласын ауруханаға жеткізуге жағдай жасаған. Басқалары болса Амореттиді тынышталдырмақ болды. Кейінірек қыз бала әлеуметтік желіде өзіне көмектескен барлық жолаушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік, сәуір соңында Uzbekistan Airways әуекомпаниясының жолаушысы ұшақта босанды. Ташкенттен Ыстамбұлға ұшқан 27 жастағы Ситора есімді әйел бортсеріктен көмек сұраған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!