Ұшақ жолаушысы көршісіне дәретханада "ұсыныс айтып", соттан бір-ақ шықты

Ұшақ жолаушысы ұшу кезінде басқа жолаушыға жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Жәбір көрген жолаушы оны сотқа беріп, айыппұл алды. Бұл туралы Mirror жазады.

Оқиға Ұлыбританиядан Испанияға сапар шеккен Ryanair рейсінде болды. Ұлыбританиялық туристің айтуынша, жақын жерде отырған ер адам ұшу барысында оны сексуалдық қатынасқа шақырған: оған дәретханаға баруды ұсынып, омырауын ұстаған.

Әйел бортсеріктерге көршісінің мінез-құлқына шағымданады. Экипаж мүшелері жағдай туралы испан әуежайының полициясына ескертеді. Ұшақ қонғаннан кейін ер адам бірден қамауға алынды. Камерада түнегеннен кейін ол сотқа жеткізілді. Жолаушыға қысым көрсеткені үшін айыпталушы 2,5 мың фунт (1,3 мың  теңге) айыппұл төледі.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!