Ұшақ жолаушыларына майлық және телефонмен лайфхак көрсетілді

Желіде жолаушыларға арналған ерекше лайфхак пайда болды. Видео ұшақта фильм көру үшін телефонды қалай бекіту керегін көрсетеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Видео авторы - блогер, әзілкеш, Наталии есімді актриса. Ол фильмді ыңғайлы көру үшін телефонды алдыңғы орындықтың артқы жағына қалай бекітуді көрсетті.

Кадрлар телефонды майлыққа орап, чехолмен бекітіп, үстелге іліп қоюға болатынын көрсетеді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!