Ұшақ жол ортасына қонып, көліктерді қаққан сәті видеоға түсірілді

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында бір моторлы ұшақ жол ортасына апат жағдайда қонып, бірнеше көлікті қағып кетті. Оқиға видеоға түсірілді, оны New York Post жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Кадрдан әуе кемесінің көлік магистралындағы бөлгіш қалқанға қалай соғылғанын және бірнеше көлікті қаққанын көруге болады.

Апат кезінде Калифорнияға Техастан үйлену тойының сегіз жылдығын атап өтуге келген ерлі-зайыптылардың көлігі қатты зардап шекті. Ұшақ саяхатшылардың көлігінің төбесінен қатты соғып, терезелері сынған.

"Біз қатты қорықтық", - деді әйел.

Калифорния жол патрулінің өкілі Сальвадор Кастро жүргізушілерге тас жолда ұшақ өте сирек кездесетінін айтып, дегенмен сақ болуға кеңес берді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!