Ұшақ демалушылардың көз алдында мұхитқа құлады

Калифорнияда бортында бір адам бар жеңіл моторлы ұшақ демалушылардың көз алдында мұхитқа құлады. Әуекемесінің құлауы видеоға түсіп қалды және оны NBC жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Желіде жарияланған кадрларда әуекемесінің жағалауға суға қалай жай құлағаны көрінеді.

"Келе жатыр, келе жатыр, ол суға түсті", - деп айғайлады куәгерлер.

Associated Press мәліметінше, оқиға Хантингтон Бич қаласында болған.

Құтқарушылар ұшқышқа көмекке келіп, оны жағаға жеткізді. Олардың айтуынша, ер адам басынан кішігірім жарақат алған. Дегенмен жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!