Ұшақ бортындағы жолаушылар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

© pixabay.com/Nennieinszweidrei

Кей жағдайда рейстің ұшу уақыты дәл жаңа жыл түніне сәйкес келуі мүмкін. Бұдан бөлек ауа райы құбылып, рейстер кешіктірілуі ықтимал. Салдарынан мыңдаған жолаушы жаңа жылды ұшақта қарсы алуға мәжбүр болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tonkosti.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кей жағдайда рейстің ұшу уақыты дәл жаңа жыл түніне сәйкес келуі мүмкін. Бұдан бөлек ауа райы құбылып, рейстер кешіктірілуі ықтимал. Салдарынан мыңдаған жолаушы жаңа жылды ұшақта қарсы алуға мәжбүр болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tonkosti.ru сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жыл деген кезде көзімізге мерекелік дастархан, иісі аңқыған мандарин, тосынсый, сыйлықтар елестейді. Бұл ретте әуекомпаниялар ұшақтағы қатаң тәртіпке қарамастан, жолда қалған жолаушылардың көңіл-күйін көтеру үшін барын салуға тырысады. Тіпті кейбір әуетасымалдаушы мұндай жағдайлардың міндетті түрде орын алуы мүмкін екенін болжамдап, дайындықты бастап та кетеді.

Реклама
Реклама

Сонымен ұшақ жолаушылары жаңа жылды қалай күтіп алатынына, әуекомпаниялары қалай дайындалатынына шолу жасап көрейік.

1. Ақшабұлттардан жасалған хаттар

Польшаның LOT әуекомпаниясы желтоқсан бастала салып, өзінің экипажына жаңажылдық костюм кигізеді. Ал стюардессалары желтоқсанда ұшатын жолаушыларға шампан ұсынып, жылынып алу үшін шай мен тосабын да беріп жатады. Айтқандай, бұл компания жаңажылдық көңіл-күйді көтеру үшін қызықты идея ойлап тапқан. Ұшақ жолаушылары бортта отырып жақындарына құттықтау хаттарын жазады, ал мекенжайын жазар кезде рейстің нөмірі мен координаттарын белгілейді.

2. Жаңажылдық тағамдар

Swiss Air әуекомпаниясы да рождестволық тәттілерді ерекше тәсілмен жасап, ұсынуға тырысады. Эконом-класта ұшатын жолаушыларға зімбір печеньесі мен шампан ұсынылады, ал кәдесый ретінде кішігірім шоколад шыршасы беріледі. Ал бизнес-класс жолаушыларын Жаңа жыл қарсаңында мейрамхананың дәмді мәзірі мен қымбат швейцариялық тәттілерімен қуантады.

Air France әуеде өткен Жаңа жылды ұмытылмастай етуге тырысады. Францияда Санта компанияның дәл осы рейстерімен балаларға ұшып келеді деп сенеді. Мұнда сізге бизнес-класта "Мишлен" мәзірі, элиталық шампан ұсынылса, эконом-класста шарап, ойыншық, тәттілер беріледі.

3. Аға ұшқыштың құттықтауы және мандариндер

Жаңа жылда көптеген рейстің жолаушыларына кеме командирі арнайы құттықтауын жолдайды. Сонымен қатар жолаушыларды шампан немесе мандаринмен қуантады.

4. Сыйлықтар

Жаңажылдық рейстерде креативті сыйлықтар да жасалады. Мәселен 2018 жылы 31 желтоқсанда "Победа" рейстерінің жолаушыларын Гарик Харламовтың дауысымен құттықтаған. Ал "Ресей" әуекомпаниясы дәстүрлі түрде келесі жылға әуе билетімен тегін ұшуға ұтыс ойынын өткізеді. "Аэрофлот" кейбір рейсте кез келген бағытта эконом-класқа тегін әуе билетін ойнатады, сонымен қатар кішкентай жолаушыларға ойыншық пен шоколад береді.

5. Тегін рейстер

Жаңа жыл - сатылымдар, жеңілдіктер, сыйлықтар мен акциялар, жалпы қарбалас уақыты екені белгілі. Бұл ретте әуекомпаниялар да шетте қалмайды. Кейде жаңажылдық сатылымдар ұйымдастырылып, билеттер арзан бағамен сатылатын кездер де болады.

"Победа" әуекомпаниясы тіпті 31 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін тегін ұшуды ұйымдастырады. Бірақ бұл ұсыныс нағыз Аяз аталарға арналған. Тегін ұшу үшін Аяз ата мерекелік киімін киіп, мұрт-сақалы болуы шарт. Осындай ұсынысты пайдаланғысы келетін Аяз ата сапалы киім таңдағаны дұрыс екенін айта кету керек. Себебі киімнің жылтыры жұғатын болса, салонды тазартуға міндеттелуі мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная