Ұшақ апатынан кейін екі адам мұхитта құтқарылды

RACQ LIFEFLIGHT видеосынан кадр

Аустралияның Квинсленд штатының Саншайн-Кост жағалауында екімоторлы ұшақ апатқа ұшырады. Жедел әрекет ету тобының қызметкерлері мұхитта құтқару жұмыстарын жүргізіп, ұшақ бортында болған екі адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Brisbane Times порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның Квинсленд штатының Саншайн-Кост жағалауында екімоторлы ұшақ апатқа ұшырады. Жедел әрекет ету тобының қызметкерлері мұхитта құтқару жұмыстарын жүргізіп, ұшақ бортында болған екі адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Brisbane Times порталына сілтеме жасап.

Екі ер адам Саншайн-Кост әуежайынан ұшып шығып, америкалық Самоаның Паго-Паго портына бара жатқан. Шамамен 09:00-де ұшақтан апатты жағдайда берілетін сигнал келген.

Реклама
Реклама

Ұшқыш бір қозғалтқышының істен шыққанын және құрлыққа дейін жете алмайтынын айтқан. Сөйтіп олар суға қонбақ болған. Алайда олар ойы жүзеге аспаған.

Қуанышты кездейсоқ нәтижесінде, ұшақтың апатқа ұшырағанын басқа бір әуекемесінің ұшқышы байқап қалып, диспетчерлерге нақты координаттарды берген.

Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобының мүшелері мұхитта екі ер адамды байқаған, оның біреуі суда, екіншісі үрлемелі қайықта отырған, алайда оның өзі жәймендеп суға кетіп бара жатқан. Олардың жанында ұшақ суға кетіп жатқан.

Құтқарушылар оларды біртіндеп тікұшаққа көтеріп алған. Екеуіде апат салдарынан айтарлықтай зардап шекпеген. Мамандардың айтуынша, негізі мұндай апаттардан аман қалу сирек кездеседі екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная