Калифорнияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Оның ішінде екі жасар баласы бар отбасы болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар қызымен бірге Санта-Розаға сапарға шыққаны анықталды. Онда отбасының үйі болған. Алайда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай Cirrus ұшағының қозғалтқышы істен шыққан. Рөлді тізгіндеген ер адам тез әрекет етіп, ұшаққа салынған парашют ашып жіберген.
Осының арқасында жылдамдығы баяулап, ұшақ ағаштарға қонған. Ұшақ апатынан аман қалған отбасы тек жеңіл жарақаттар ғана алған көрінеді. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, оларға алғашқы көмек көрсетті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!