Үндістандық ер адам қымбат қонақүйде екі жыл тегін тұрып келген

© pixabay.com/Bru-nO

Үндістан полициясы қонақүйде екі жылдай тұрып, бір тиын да төлемеген Анкуш Дутта атты азаматқа қатысты алаяқтық бойынша істі тергеуге алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістан полициясы қонақүйде екі жылдай тұрып, бір тиын да төлемеген Анкуш Дутта атты азаматқа қатысты алаяқтық бойынша істі тергеуге алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Анкуш Дутта 2019 жылы Делидегі Roseate House қонақүйінде 30 мамырға дейін бөлме жалдап, келесі күні шығып кетуі керек болған. Алайда ол 2021 жылдың 22 қаңтарына дейін қалып, 70 мың доллар көлемінде (31 миллион теңгедей) ақысын төлемеген.

Реклама
Реклама

"Шынайы қарызын жасыру үшін есеп қолдан жасалған", - дейді қонақүй басшылары.

Қонақүй менеджерлері де бірнеше қызметкердің үстінен полицияға арыз беріпті, олар бірлесіп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Менеджерлердің пайымынша, қонақүй қызметкерлері белгілі бір ақы үшін ішкі бағдарламалық жүйені Дуттаның пайдасына бұрмалап отырған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная