Сіз ережеге бағынатын, тәртіпті жүргізуші болсаңыз, сосын аяқ асты Үндістанға келіп, көлік жүргізсеңіз алғашқы күндері қатты таңырқап, әуре-сарсаңға түсуіңіз ғажап емес. Бұл елде әркім өз ережесімен жүреді: мұнда бекітілген жол қозғалысы ережелерін сақтамайды, көлікті өзара келісім арқылы жүргізуге тырысады. Ең қызығы, туристік аймақтарда бұл аса қиындық тудырмайды. Толығырақ Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz материалынан оқи аласыз.
Ешқандай ереже жоқҮндістанда жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жол ережесін сақтамайды, сондықтан жергілікті жүргізушілердің жол белгілерін немесе тұтас жолақтарды елемей, қарсы келе жатса, Қазақстанда орынсыз саналатын қимыл-қозғалысын көрсеңіз, таң қалмаңыз.
Егер Қазақстанда жүргізушілер сигналды қажет болған жағдайда ғана қолданса, Үндістанда оңды-солды баса береді. Жүргізуші мұны: "Мен көлік жүргізіп келем, абай бол" деп ескерту үшін ғана басуы мүмкін. Бастапқыда бұл жүйкеңізге әбден тиюі мүмкін, әсіресе сіз жолда велосипед немесе мотоциклмен жүрсеңіз, үнді көлік жүргізушісі сізге сигнал жіберіп, басып озса да, ұзақ уақыт сигналын тоқтатпайды. Уақыт өте бұған да үйренуге тура келеді.
Бағдаршамдар мен белгілер азӘрине, үлкен қалаларда инфрақұрылымдық нысандардың алдында жол белгілерін, бағдаршамдарды және қозғалысты бақылауда ұстайтын жүргізушілерді кездестіруге болады. Бірақ туристік аймақтар мен елдімекендерде бұл жоқтың қасы. Сонда да көлік қозғалысы көп көшелерде жүргізушілер бірін-бірі басып озып, оңды-солды жүрсе де, ешбір жол апаты тіркелмейді.
Агрессия жоқЖалпы, Үндістан жолдарында агрессияның жоқтығы таң қалдырады. Жол қозғалысы ережелерін ешкім сақтамаса, қақтығыссыз, ашусыз мүмкін емес сияқты. Дегенмен, олай ешқашан болмайды. Бұл халықтың менталитеті мен күннің жылулығы ма дерсіз.
ҚауіпсіздікЖалпы алғанда, үнді жол қозғалысынан алатын әсеріңіз - хаос, сонымен бірге қауіпсіздік сезімі. Тіпті қозғалыс көп жолда велосипедпен келе жатқанда немесе айналма жолды кесіп өткенде де, сізге сигнал беруі мүмкін, бірақ өткізіп жібереді. Кейде тіпті қол бұлғап, күлімдеп, ақ жол тілеп жатады, бұл - дәлелденген!
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.