Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

Үндістанда туристерге жаңа арнайы визалар ұсынылады


Үндістан сауықтыру және медициналық қызмет алуға келетін туристер үшін арнайы визаларды ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Нарендра Моди мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі New Delhi Television-ге сілтеме жасап.

Олар арнайы визаны Ayush деп атайды (Ayurveda, Yoga, Unani, Siddha, Homoeopathy, яғни аюрведа, йога, юнани, сиддха және гомеопатиядан алынған туынды сөз). Премьер-министрдің айтуынша, бұл виза Ayush терапиясының қолжетімділігін жеңілдетеді. Дегенмен іске қосу уақыты мен бағасы әлі белгісіз.

"Дәстүрлі медицина Кераладағы туризмді арттыруға көмектесті. Мұндай перспектива Үндістанның барлық бұрышында бар. Үндістанда сауықтыру онжылдықтың үлкен бренді бола алады. Аюрведиялық орталықтар, юнан тәжірибесі (оңтүстік және Орталық Азияда қолданылатын парсы-араб дәстүрлі медицинасы - авт.) және басқалары шетелдік туристер арасында өте танымал болуы мүмкін", - деп түсіндірді премьер-министр.

Спикер медициналық туризм секторын ілгерілету бойынша басқа да бастамалар, соның ішінде дәрілік өсімдіктер өсіретін фермерлерді Ayush өнімдерін өндірушілермен байланыстыру үшін цифрлық портал құру жоспарланғанын айтты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Бортсерік ұшақта дәретхана қағазын неге пайдаланбау керегін айтты Бортсерік ұшақта дәретхана қағазын неге пайдаланбау керегін айтты
Түркия медицина туризмін дамытуға ниетті Түркия медицина туризмін дамытуға ниетті
Туристер үшін арзан күншуақ елдер аталды Туристер үшін арзан күншуақ елдер аталды