Үндістанда найзағайдың салдарынан 11 турист мерт болды

видеодан үзінді

Үндістанда туристер жаңбыр жауып тұрғанда ескі мұнараның үстінде селфи жасағысы келген. Сол кезде найзағай соғып, қайтыс болды. Оқиғаға қатысты видео мен мәліметтерді Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда туристер жаңбыр жауып тұрғанда ескі мұнараның үстінде селфи жасағысы келген. Сол кезде найзағай соғып, қайтыс болды. Оқиғаға қатысты видео мен мәліметтерді Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

11 шілде, жексенбіде 30-ға жуық турист Үндістанның Раджастан штатының астанасы Джайпурдағы ежелгі Амер фортының Күзет мұнарасының шыңына жиналған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, келушілер танымал аттракционның фонында селфи жасағысы келеді.

Реклама
Реклама

Куәгерлер таратқан кадрларда бекіністің мұнараларының біріне - туристер тұрған жерге найзағайдың қалай соққанын көруге болады. Полицияның мәліметінше, 11 адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы 17 адам түрлі жарақат алды, үшеуі ауруханаға жатқызылды және ауыр халде жатыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайтыс болғандардың отбасына ақшалай өтемақы төленетінін айтты.

Айта кетейік, Үндістанның солтүстігіндегі жаңбыр кезінде жыл сайын найзағайдан жүздеген адам қайтыс болады.

 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная