Үндістанда маймылдар пышақ жарақатынан аман қалған қызды өлтірді

Фото: pixabay.com

Үндістанның Телангана штатында маймылдар үш жасар қыздың басына тас лақтырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Телангана штатында маймылдар үш жасар қыздың басына тас лақтырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үш жасар Девунури Абхинав маймылдар оның басына тас лақтырған кезде қаңылтырдың астында ойнаған. Баланы құтқару мүмкін болмаған.

Қыздың басынан бұдан да қорқынышты жағдай өткен. Алты ай бұрын Девунури пышаққа тамағымен құлап өле жаздайды. Қызының өмірін сақтап қалу үшін ата-анасына операцияға алты мың доллар жинау қиынға соқты. Қыз ұзақ оңалтудан өтті және жарақаттан кейін жақында ғана толық жазылды.

Реклама
Реклама

Порталдың хабарлауынша, Үндістандағы маймылдардың адамдарға жасаған шабуылдары халық арасында үлкен алаңдаушылық туғыза бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл сайын приматтардың агрессиясы күшейіп келеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная