Үндістанда алтын мен ақшаны жасырын алып өтпек болғандар ұсталды

Сурет INDIA TV арнасынан

Үндістанның Ченнай әуежайында алтын мен ақшаны жасанды шаштың (парик) астына жасырған екі жолаушы ұсталды. Бұл туралы Daily Mail жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Ченнай әуежайында алтын мен ақшаны жасанды шаштың (парик) астына жасырған екі жолаушы ұсталды. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Басылым мәліметінше, кеден қызметкерлері Могроб Акбарали және Зубайр Хасан Рафиютиннің шаш үлгісін көріп, күдіктенеді. Әуежай өкілдері оларды тінтіп, жасанды шашының астынан 698 грамм алтын табады. Оның бағасы шамамен 400 мың долларға бағаланады. 

Реклама
Реклама

Желіде жарияланған видеодан полиция қылмыскерлердің жасанды шашын қалай ашқанын және  бірнеше қара пакет пен ақша тапқанын көруге болады.

Тәртіп бұзушылар Ченнай әуежайына 21 наурызда Дубайдан келген.

Chennai Air Customs: 5.55 kg gold worth Rs 2.53 crore & foreign currency worth Rs 24 lakhs seized from pax arrivng from & departing to gulf under CAct & FEMA last 2 days. Gold concealed in wigs, socks,innerwear,rectum & aircraft .Six Arrested.@ChennaiCustoms @cbic_india pic.twitter.com/XV1tE74kh1

— PIB in Tamil Nadu ?? (@pibchennai) March 21, 2021
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная