Фото: Pixabay Фото: Pixabay

Үндістан тауларында қар жауған кезде кем дегенде 11 адам қайтыс болды


Үндістан тауларында қатты қар мен қолайсыз ауа райы салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды. Оның ішінде туристер, тасушылар және гидтер бар. Жоғалған адамдарды іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Әуе күштері Уттаракхандтағы Ламхага асуында теңіз деңгейінен бес шақырымнан аса биіктікте ауқымды құтқару операциясын бастады. Онда 18 қазанда 17 саяхатшы адасып кеткен. Кейбіреуінің денесі ең қауіпті өткелдердің бірінен табылып, құтқарушылар полицияға берді.

Іздеу бірнеше гидтер жақын маңдағы тұрғын үйге жеткеннен кейін басталды. Жергілікті биліктің өтініші бойынша әскери күштер апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін тікұшақтармен шыққан. Екі адам тірі табылды, олар ауруханаға жеткізілді. Тағы төртеуі хабар-ошарсыз кеткен деп саналады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды