Үндістан Шарапова мен Шумахерге қатысты тергеуді бастады - БАҚ

Үндістан полициясы ресейлік теннисші Мария Шарапова мен жарыс машинасының жүргізушісі Михаэль Шумахерге қатысты қылмыстық сөз байласу және жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық ісі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Айыпталушылар қатарында жылжымайтын мүлік жобасының директорлары мен басқа құрылыс салушылар бар.

Портал мәліметінше, Дели тұрғыны Шафали Агарвал өз шағымында күйеуі екеуі Үндістанның Гургаон қаласында салынып жатқан тұрғын үйлерден ауданы 3650 шаршы метрлік тұрғын үйге тапсырыс бергенін айтқан.

Шағымда ол фирма директорлары үй жобасына инвестиция салуды ұсынып, алдап кеткенін айтады. Алайда үй ешқашан салынбаған.

Өтініш беруші Шараповаға сілтеме жасай отырып, "белгілі халықаралық теннисші басқа айыпталушыларды жарнамалау арқылы жобаны көпшілік алдында қолдады және оның фотосуреті жобаның жарнамалық брошюрасында ... болды. Ол жалған уәде беріп, соңғы жеті жылда жүзеге аспаған жоба үшін клиенттермен кешкі ас ұйымдастырды. Сонымен қатар, жарнамалар мен брошюраларда "Михаэль Шумахер атындағы әлем мұнарасы" деп аталатын мұнара салынуы керек екені көрсетілген...".

Сәрсенбіде сот полицияға іс бойынша тергеуді бастауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!