Үндістан қарашаның аяғына дейін халықаралық әуе рейстеріне тыйым салды

© pixabay.com

Үндістанның Бас авиация басқармасы халықаралық коммерциялық рейстерге тыйым салуды қарашаның соңына дейін ұзартты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Бас авиация басқармасы халықаралық коммерциялық рейстерге тыйым салуды қарашаның соңына дейін ұзартты.

"Құзыретті орган халықаралық коммерциялық жолаушылар тасымалы туралы циркулярдың қолданылу мерзімін Үндістанға, не Үндістаннан ұшуды 2020 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл шектеулер халықаралық жүк тасымалына, сондай-ақ арнайы рұқсат алған рейстерге әсер етпейтіні атап өтілген. Бұған дейін Үндістан билігі елдегі коронавирус санының төмендеуіне байланысты туристерден басқа жолаушылардың барлық санаттарына кіруге рұқсат берген.

Үндістан коронавирустың анықталған жағдайлары бойынша әлемде екінші орында. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ауырғандардың жалпы саны 7,99 миллион адамнан асты. Сонымен бірге 7,25 миллионнан аса адам аурудан жазылған, 610 мыңнан аса адам емделуде және бұл көрсеткіш азайып келеді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная