Үндістан билігі туристерге 15 көрнекті жерге барғандары үшін сыйлық уәде етті

© pixabay.com

Үндістан үкіметі туристердің 2022 жыл ағымында 15 көрнекті жерге барғандары үшін жол шығынын қаржыландыруға уәде берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Euronews басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістан үкіметі туристердің 2022 жыл ағымында 15 көрнекті жерге барғандары үшін жол шығынын қаржыландыруға уәде берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Euronews басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бұл науқанға Үндістанның тұрғындары ғана қатыса алады, бірақ болашақта шетелдіктер үшін де мұндай мүмкіндік болады деп жоспарлануда. Науқанға қатысу үшін саяхатшыларға үкіметтің сайтына тіркеліп, сапардан кейін сол жерге фотосуреттерді жүктеу ұсынылады.

Реклама
Реклама

"Туризм министрлігі 2022 жылы елдің 15 жеріне баратын туристердің іссапар шығындарын қаржыландырады және саяхат фотосуреттерін веб- сайтқа енгізеді", - дейді Үндістан туризм министрі Прахлад Сингх Пател.

Қазір 142 368 үндістандық өтініш білдірген, олардың төрттен үші 25 пен 40 жас аралығында. Кейбір бағыттарға қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс беріліп қойған. Науқан нәтижесінде әрбір 10000 азаматтан кездейсоқ 50 саяхатшы жүйе арқылы таңдалады және ғажайып Үндістаннан естелік сыйлықтар алады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная