Үнді мұхитында қоқыс курорты салынады

Фото: pixabay.com

Үнді мұхитындағы қалқымалы аралда курорт ашу жоспарланып отыр. Ол қоқыстардан жасалып, 2025 жылға дейін қонақтарды қабылдай алады. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үнді мұхитындағы қалқымалы аралда курорт ашу жоспарланып отыр. Ол қоқыстардан жасалып, 2025 жылға дейін қонақтарды қабылдай алады. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Мұхиттағы қайта өңделген пластикалық курорт деп аталатын жасанды арал Австралияның кокос аралдарының жанында орналасады.

Реклама
Реклама

Сәулетші және инновациялық тұжырымдаманың авторы Марго Красоевичтің айтуынша, мұхит түбіне байланған ағаш жолдар курорттың орталығы болады.

Олардың астында қоқыс жинайтын арнайы қаптар болады. Үстіне жаңа жолдар жасау үшін құм және шламмен қапталған бетон талшықтарының биологиялық ыдырайтын торы орналастырылған. Осылайша арал үнемі кеңейіп отырады.

Қонақтарды алдымен кемпингке орналастыру жоспарланып отыр, содан кейін қонақүй салынады.

Жуынатын бөлмелерде күн энергиясын қолдана отырып, сүзілген және тазартылған теңіз суы қолданылады.

Жобаны Оңтүстік Африка тау-кен компаниясы қаржыландырады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная